Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда оң жақтағы рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге тыйым салынды

0 339

Қазақстанда оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге тыйым салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мұндай көліктерді 2018 жылдан бастап тіркеуге болмайтынын алға тартады.

«Қазақстан аумағында оң жақта орналасқан рульмен басқарылатын көліктерді тіркеуге 2018 жылдан бастап тыйым салынды. Сондықтан да рулі оң жақтағы көліктер елімізде тіркеуге жатпайды. Әрине, біз азаматтарға жеке мүлік алуына оның ішінде автокөлік алуына да тыйым сала алмаймыз. Әр адамның жеке құқығы бар және ол заңмен бекітілген.

Дегенмен заңның басқа тұсы да бар. Осы орайда көлік сатып алушы, әсіресе шетелдік көлікті иеленушінің елге әкелместен бұрын заңға бір үңілгені абзал. Көрші Ресейден көлік әкелсе де оның өзіндік талаптары бар. Яғни көлікті сатып алу бір бөлек, ал оны заңды жолмен иелену ол екінші мәселе”, – деді Серік Түсіпов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілі ел аумағында тіркелмеген шетелдік көлік иелерін заңға бағынуға шақырды. Бұған дейін комитет басшысының орынбасары Ресейден заңсыз көлік әкеліп, бірақ елде тіркемеген 100-ден астам қазақстандыққа іздеу салынғанын мәлім етті.

Одан бөлек, елімізде жол ережесін бұзған көліктердің 20 пайызы шетелде тіркелгенін айтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.