Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда несие рақымшылығы жасалады деген қауесет жоққа шығарылды

0 262

Барлық азаматтың банк несиелері кешіріледі деген қауесетті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

«Несиелік рақымшылық жасалмайды. Бұл жалған ақпарат»,- деді сұраққа жауап берген ведомствоның call-орталығы.

Бұған дейін, қаза болған тәртіп сақшыларының отбасына берілген несиені Еуразиялық банк, «ЦентрКредит», Halyk Bank, Сбербанк, HomeCredit, Jusan Bank, Альфа Банк және ВТБ банктері кешіргені хабарланған болатын.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.