Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғаттала ма?

0 130

Парламент елімізде резонанс тудырған кибербуллинг туралы Заңды қабылдады. Әлеуметтік желілерді бұғаттау бойынша түзетулер заң жобасына енген жоқ деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмилә Нұрманбетованың айтуынша, сенат ұсынған өзгерістер мен толықтырулар заң жобасы тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді.

Сенат енгізген түзетулер Қазақстан аумағында таралуына тыйым салынған немесе өзге де жолмен шектелген, балаға зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға жол берген мемлекеттік органдар мен интернет-ресурстардың өзара іс-қимыл тетігін өзгертуді көздейді. Бұл ретте, заң жобасынан уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алып тасталды.

«Заң жобасының тұжырымдамасын бірыңғай түсіну – бұл біздің балаларымызды қорлаудан қорғау. Сенат екі ережені нақтылады. Біріншісі – кибербуллингті анықтау бойынша сараптамалық комиссия құру, екіншісі – кибербуллингке қатысты материалдарды ғана жою. Бұл ұсыныстар Мәжіліс ұсынған тәсілдерге толық сәйкес келеді», – дейді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.