Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Қайтыс болғандар арасында 25 адам коронавирус жұқтырған, 6 адам пневмонияға шалдыққан.
13 қарашадағы мәлімет бойынша 35 407 адам коронавирус инфекциясынан (30 353 КВИ+ және 5 054 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 6 609 пациент стационарда,
- 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 514 адамның жағдайы ауыр,
- 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 89 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.