Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда Калашников автоматы шығарылатын болды

0 137

Биыл Қазақстанда Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервистік орталығы іске қосылады. Бұдан бөлек бір жыл ішінде Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматының өндірісін бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы қорғаныс кәсіпорындарында мынадай жобаларды іске асыру жоспарланған:

– «№405 Авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшағын құрастыру;

– «Қазақстандық авиациялық индустриясы» ЖШС базасында Airbus ұшақтарына қызмет көрсетуге арналған сервис орталығын құру;

– «Тыныс» АҚ, «Алма ДК» ЖШС мен «Милитарм» базасында радиациялық және химиялық қорғау заттарын өндіру;

– «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктық техниканы жетілдіру;

– «Steel manufacturing» ЖШС базасында автоматқа арналған оқ-дәрі өндіру;

– «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС базасында «Барыс 8х8» брондалған техника өндірісі;

– «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтарын өндіру.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.