Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда халықты қайта вакциналау басталды

0 291

Елімізде бүгін, 22 қарашада халықты қайта вакциналау үрдісі басталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ревакцинация екі кезеңнен тұрады. Бұған дейін вакцинаның екі компонентін  салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді.

Биыл ревакцинациядан 60 жастан асқандар мен денесінде антидене қалыптаспаған  адамдар өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакцинацияның бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарлануда.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілгені айтылған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.