Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы қабылданады

0 159

   Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда халық табысын арттыру қалай жоспарланғанын айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп, халық табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу және қабылдау жоспарланған. Халық табысын арттыру ең басты мәселе болуы тиіс. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама бірінші кезекте халық табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыс белсенділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланады», – деді Смайылов Үкімет отырысында.

Жаңа премьер-министр жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында жалақы көбейетіні туралы айтты.

«Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қоры мұқтаж балаларға қазіргі заманғы қымбат медициналық қызметтер мен дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді. Жалпы, осы жоспарды іске асыру қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – деп толықтырды Үкімет басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.