Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

0 199

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, елде арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды.

Мемлекет басшысы жарлыққа 19 қаңтарда қол қойды. Сол күні елімізде Қорғаныс министрі ауысты.

2022 жылдың 19 қаңтарындағы құжатқа сәйкес, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы еткен. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтыруларды бекіту қажет.

Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда әскери барлауды күшейту керек екенін, ол ел басшылығын сыртқы және ішкі қауіптер туралы уақытылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

«Маңызды міндет Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған арнайы операция күштерінің қолбасшылығына жүктеледі. Оның алдында барлық ұйымдастыру шарасын қысқа мерзімде қабылдау және басқа да күш құрылымдарымен бірлесіп арнайы операцияларды орындауға әзірлікті қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді Ақорданың баспасөз қызметі өкілі 19 қаңтарда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.