Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда АЭС құрылысы 6 халықаралық компанияның ұсынысымен зерттеліп жатыр

0 300

Қазақстанда АЭС cалуға байланысты оның қоршаған ортаға және Қазақстанның табиғи-климаттық факторларына әсері негізінде зерттеулер жүргізілуде, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда Қазақстанның табиғи-климаттық факторлары мен АЭС-тің қоршаған ортаға ықтимал әсерін негізге ала отырып атом энергетикасын дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ұсынып отырған 6 жеткізушінің жобаларын зерттеп жатырмыз.

Бұл америкалық (NuScale), америкалық-жапониялық (GE-Hitachi), кореялық (KHNP), қытайлық (CNNC), ресейлік (Росатом) және франциялық(EDF) технологиялар», – деді Жаслан Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның мәліметі бойынша, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары реакторлардың қауіпсіздігін де қамтымақ. Сондай-ақ АЭС салынатын орын, реактордың қуаты және құны бойынша зерделеу жүргізіліп жатыр.

«Біздің елімізде атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Біз өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Бізде ядролық отын компоненттерінің өндірісі бар. Сондай-ақ біздің елде уранды изотоптық байыту технологиясы бар деуге болады. Былтыр Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станцияларына дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Қазір онда ядролық отын белсенді өндіріліп жатыр», – деді министрлік өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.