Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 40 млн гектар жер пайдаланылмай бос жатыр – Әлихан Смайылов

0 155

residence.etasa.kzРЕКЛАМА

Қазақстанда 40 млн гектар жер пайдаланылмай бос жатыр – Әлихан Смайылов

Былтыр пайдаланылмай жатқан 400 мың гектар жер қайтарылды, ал биыл 5 млн гектарға дейін жер алынады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты деп хабарлады turkystan.kzҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біз ғарыштық мониторинг тәсілі арқылы жердің пайдаланылуын бақылаймыз. Бұл норма былтыр отандық заңнамаға енгізілген. Осы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 40 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр деген ақпарат алдық. Оның 95 пайызы – жайылым жерлері. Жайылым жердің тапшылығы бар екені баршамызға мәлім. Бірақ оларды қайтару мәселесі бір күнде шешілмейді. Неге десеңіз, Конституциямызда жекеменшік құқықтар қорғалған. Сондықтан сол пайдаланбайтын жерлерді қайтару мәселесі сот тәртібімен шешіледі», – деді Әлихан Смайылов Ұлттық арнада «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.

Оның айтуынша, бұл мәселе жөнінде арнайы комиссия құрылды және биыл бұл жұмыстар жанданады.

«Былтыр пайдаланылмай жатқан жерлердің 400 мың гектары қайтарылды. Биыл мұны 5 млн гектарға дейін жеткіземіз. Яғни биыл қайтарылатын жер көлемі 12 есеге ұлғаяды және ол жерлерді нақты пайдаланатын, ауыл шаруашылық өнімін шығаратын отандық кәсіпкерлерге беру керек. Сондықтан бұл өте маңызды сұрақ», – деді Премьер-Министр.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.