Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 3 елдің азаматтары визасыз жүре алады

0 312

Шілде айынан бастап 3 елдің азаматтары Қазақстанда визасыз жүре алады. Бұл туралы Қазақстанның көші-қон комитеті әлеуметтік желіде мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

8 шілдеден бастап аталған елдер үшін біржақты визасыз режим енгізіліп отыр. Үкіметтің тиісті қаулысы 7 шілде күні шыққан. Қытай азаматтарына 72 сағат визасыз кіруге берілген рұқсат күшін жояды. Визасыз режим талаптарына сәйкес Үндістан, Иран және Қытай азаматтары шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алады.

Іскерлік, жеке мақсаттағы, туристік және басқа да саяхаттарға рұқсат берілген. Визасыз режим бойынша Қазақстанда жүріп-тұрған жалпы уақыт әрбір 180 күн кезең ішінде күнтізбелік 42 күннен аспауға тиіс. Бұл шартты бұзған жағдайда шетелдіктер мынадай әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

  • 10 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін айыппұл – 15 тәулікке дейін қамауға алу
  • Қазақстан аумағынан тысқары шығару – 5 жыл Қазақстанға кіруіне тыйым салу (сот шешімі бойынша).

«Бұдан басқа, шетелдік азаматтарға визасыз режим аясында ақы төленетін жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ондай жағдайда қабылдаушы тарап алдын ала Қазақстанда жұмыс істеуге тиісті рұқсатты және визаны рәсімдеуі қажет», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Республикасына жасаған жұмыс сапарында Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат берілетінін айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.