Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстанда 129 мамандық жойылады» – Саясат Нұрбек

0 625

Елімізде бухгалтер және кітапханашы мамандықтары жойылады. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстанда 129 мамандық жойылады. Бір-екі мысал келтіріп өтейін. Бірінші бухгалтерлер ақырындап кете бастайды. Екіншіден, учетчик пен қоймашылар (складовщик) кетеді. Неге десеңіз, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Үшіншіден, өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентраторщиктер. Тағы да мысалы кітапханашыларды айтуға болады. Оларда да бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр. Одан кейінгі кезекте нотариаттар. Елімізде  4500 нотариус бар. Қазір Әділет министрілгі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Олар алдағы 4-5 жылда не заңгер, не юрисконсульт болуы керек. Сондықтан елімізде көп нотариус керек болмай қалады», – деді депутат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.