Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан тәліптер билігін мойындау мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімінен кейін қарастырады – Сыртқы істер министрлігі

0 175

Сырты істер министрлігі Қазақстанның тәліптер билігін мойындау мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімінен кейін ғана қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Ауғанстанның жаңа билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сәйкес шешімінен кейін ғана мойындалуы мүмкін екенін мәлімдейміз», – делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері Ауғанстаннан шетелдік әскерилер шығарылып, билікке тәліптер келген соң Кабул қаласына Қазақстанның ресми өкілдері барып, гуманитарлық көмек көрсету және сауда-экономикалық байланысты қалпына келтіру бойынша мәселелерді талқылағанын атап өтті.

Мәселен, 2021 жылы қазан айында Қазақстан президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның сапары кезінде ауғандарға 5 мың тонна астық жеткізілді. Ал желтоқсан айында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған делегация барып қайтты. Құрамына QazTrade және жекеменшік компаниялардың өкілдері енді. Олар да сауда байланыстарын дамыту және Қазақстан экспортын ұлғайту жайын пысықтады.

«Сауда байланысын дамыту және экспорт көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды», – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар баспасөз қызметі Кабулдегі Қазақстан елшілігінің штатты режимде жұмыс істейтінін де қосып өтті.

«Республика елшілігі студенттер, бизнесмендер мен этникалық қазақтарға виза беріп жатыр. Сондай-ақ Қазақстандағы туған-туыстарына шығатын визалар рәсімделеді», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар ведомство өкілдері Қазақстанның «мәдени-гумантарлық байланысын жалғастырып жатқанын» мәлімдеді. Мысалы, бұрын қол қойылған екі жақты меморандум негізінде ауған жастары білім алуын жалғастыруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.