Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 15 секундта жеңді

0 154

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық аясында Өзбекстан құрамасымен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 3:1 есебімен жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы екінші таймның басында-ақ екі гол соқты, бұл үшін небәрі он бес секунд қажет болды: 22-минутта Арнольд Кнауб есепті ашса, екінші голды Дуглас соқты. 39-минутта Илхом Хамроев есеп айырмасын қысқартып кетті.

УЕФА ЕУРО-2022 турнирі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.