Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 7 млн теңгеден төлейді

0 540

 «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың отбасыларына 7 миллион теңгеден аударады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан және ауыр жараланған әскери қызметшілердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ кездейсоқ құрбан болған азаматтардың отбасыларына, көз жұмған және жараланған балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Қаза тапқандардың отбасылары 7 млн теңгеден алады. Оларға:

  • әскери қызметшілердің;
  • ішкі істер органдары қызметкерлерінің;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің;
  • оқиға кезінде кездейсоқ құрбан болған азаматтар жатады.

Ауыр жараланғандарға 3 миллион теңгеден беріледі. Оларға жатады:

әскери қызметшілерге;
ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;
әрбір жараланған балалары бар отбасылар.

Қорғаныс және Ішкі істер министрлігінен, ҰҚК және Ұлттық Ұланнан 21 адам қаза тапқаны және 94 ауыр жараланғаны туралы ақпарат келіп түсті.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның ақпараты бойынша, 3 бала қаза тапқан және 4 бала жараланған. Cондай-ақ көп балалы ана көз жұмған.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімовадан қаңтар айындағы оқиғалардың кездейсоқ құрбаны болған 29 ҚР азаматы туралы ақпарат жолданды. Осы тізімнің үшеуі бала құқықтары жөніндегі уәкілдің тізімінде, екеуі ҰҚК тізімінде қайталанады.

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Сондай-ақ қаңтар айындағы оқиғалар кезінде жарақат алғандарға қолдау көрсетеді. Бұл жақындарынан айырылған, ауыр жарақат алған әрбір адам үшін үлкен қасірет. Біз еліміз осы қайғылы оқиғалардан дұрыс қорытынды шығарады, бірігеді және мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Біз ешқандай ақшалай төлемдер жақындарының орнын қайтармайтынын түсінеміз», – делінген қордың мәлімдемесінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.