Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстан халқы» қорынан көмекті қалай алуға болады

0 367

Көмекке мұқтаж қазақстандықтар мен «Қазақстан халқына» қорына ақша аударғысы келетін азаматтар қордың ресми сайтында өтініш қалдыра алады. Сонымен қатар сайтта қор жайлы ақпаратпен, қаржы есептерімен, ақшаның жұмсалуы, жобалар мен олардың нәтижесі туралы оқып білуге болады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

www.qazaqstanhalqyna.kz сайты өз жұмысын бастады. Мұнда көмек алу үші ел азаматтары өтініш тастай алады. Бұл үшін «Өтінішті қалай бере аламын?» бөліміне өту қажет. Мұнда толық нұсқаулық ұсынылған.

Тұтынушы автоматты түрде Atamekenim.kz порталына ауысады. Бұл – қайырымдылық ұйымдарының тұрғындармен жұмыс істеуіне арналған платформа. Қазіргі таңда сайтқа 80-нен аса ұйым тіркелген. Олар денсаулық, білім және ғылым, тұрғын үй жағдайлары, базалық қажеттіліктер және өзге де бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Тұрғындардан келіп түскен өтініштерді қарау үшін қордың әр бағыты бойынша сарапшылар комитеті құрылуда. Қордың сарапшылар комитетінде қоғамның пікірі де есепке алынуына баса назар аударған. Осыған байланысты тұрғындар өз ұсыныстарын сәйкес сайт арқылы қалдыра алады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде «Қазақстан халқына» қоры құрылған еді. Ол Мәжіліс отырысында қорға демеушілер табуды тапсырған болатын. Қор қиын жағдайға тап болған азаматтарға қайтарымсыз негізде көмек көрсетеді. Қазір қорға жеке және заңды тұлғалардан 113,4 млрд теңге түскен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.