Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстан – достық мекені

0 539

  Бүгін «Жеңіс» саябағында «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Қазақстан – достық мекені» атты фестиваль өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесін ауқымды және мазмұны түрде атап өту, ел бірлігін, достық пен ізгі қарым-қатынасты нығайту. Студенттерді, оқушылардыынтымақтыққа, достыққа, өзОтанынсүюге, қорғауға, көпұлттыхалқымыздыңтыныштығы мен бірлігіннығайтуғаатсалысатыназаматыболуғатәрбиелеу.

Бүгіні мерекелік концерттік бағдарламада Халықаралық Тараз инновациялық институтының, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің шығармашыл, талантты студенттері өнер көрсетті.Фестиваль барысындаұлттықөнердідәріптейтінкөрмеқойылып, арқантарту, қолкүрес, шахмат сындыспорттықойындарменқосаконцерттікбағдарламаөткізілді.

«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Жүрекке түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй» – деп Абыз Абай жырлағандай, сахнада өнер көрсеткен «Ұлт аспаптары» ансамблі жеті күй орындады.

– Бүгін Бірінші мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Жеңіс» саябағында қала тұрғындарына «Қазақстан – достық мекен» атты фестиваль жүргізіліп жатыр. Бұл фестивальдың басты мақсаты – қала тұрғындардың ортасындағы еліміздегі бүгінгі мерекені кейінен тойлау, сонымен қатар Қазақстан халқындағы әр түрлі ұлт өкілдері бірлігі күніне өткізіліп жатыр. Фестиваль аясында, біздің еліміздегі осы бірлік күніне ұйымдастырылған студенттердің, қала жастарының өз қол өнері жасалған, қол өнер көрмесі, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған. Дәл қазір уақытта тек қана, бүгінгі күні тойлау емес, іс-шаралар алдағы уақытта әр тоқсан сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады, – деді Абзал Есіркепов Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры.

Лаура АБАЙҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.