Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі басқарма құрамындағы ауыс-түйіс туралы хабарлады деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 25 ақпандағы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Марат Елібаев басқарма төрағасының орынбасары – ҚДБ Басқармасының мүшесі болып тағайындалды.
Бұрын банктің басқарушы директоры қызметін атқарған Ботагөз Әбішева ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды» деп жазылған хабарламада.