Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазына Қызылордадан пәтер берілді

0 154

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов пен үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыс өнерінің ақберені Мұхтар Ниязовты қабылдады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс басшысы Сыр саңлақтарын және Мақсаттың бапкері, қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеевті жеңісімен құттықтап, қос азаматқа аймақ жұртының алғысын жеткізді.

Кездесу барысында облыс әкімі Мақсат Исағабыловқа 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, Мұхтар Ниязовқа ақ боз ат мінгізді.

«Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», – деді Мақсат Исағабылов.

Еске салсақ, қызылордалық Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысының» жеңімпазы атанған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.