Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанға зиянкестермен бүлінген көкөністерді кім әкеліп жатыр?

0 208

  Әзірбайжан мен Түркменстаннан келетін көкеністерге тыйым салынды. Бұрыш пен қызанақтан қоңыр жемістердің вирусы табылды. Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау органдары бес мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 392 миллион теңге айыппұл салынды. Олардың барлығы жұқтырған көкөністерді елге әкелуге байланысты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зақымдалған көкөніс пен жемістердің көбі Қазақстанға Ресейден келеді. Өзбекстан мен Иран да әрдайым дұрыс жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізе бермейді. Ал сәуір айында Германия мен Нидерландыдан тұқымдық картопқа тыйым салынды.

Бақылаушы орган Орталық Азия мемлекеттерінен қызанақ пен бұрыштан тыйымды алмаған. Импортты қайта бастау үшін өнімдердің толығымен таза екенін дәлелдеу қажет.

“Түркіменстан аумағынан біздің еліміздің аумағына әкелінетін өнімнің қауіпсіз болмайтынына кепілдік пен құжаттардың толық пакеті ұсынылмайынша, тыйымдарды алып тастау туралы әңгіме жоқ”, – дейді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.