Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аяжан Еділованың өлімі: сот үкімі шықты

0 266

Алматы қаласында студент Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Студентті өлтірді деген күдікті Төребеков 25 жылға сотталды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол тергеу кезінде қызды зорлады деген айыппен келіспеді. Тек қана өлтіргенін мойындаған.

«Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру, ал 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілерге 26 миллиард 358 миллион теңге моральдық залал төлеу ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алынсын», – деді судья Еркін Майшинов.

Аяжан Еділованың өлімі бойынша қылмыстық іс Алматы қаласының аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды.

Қылмыстық іске қатысты 30-ға жуық сараптама жасалды.

Бұған дейін Аяжан Еділованы өлтіріп, мәйітін бөлшектеп тастағанын хабарлаған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.