Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында ауыл тұрғыны аяқкиіміне есірткі сақтаған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі polisia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер 43 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдіктінің гаражын жедел тінту кезінде жазғы аяқкиімнің ішіне жасырылған өсімдік табылды. Сараптама тәркіленген зат жалпы салмағы 0,20 грамм кептірілген марихуана екенін анықтап берді.
«Факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.