Қалалық қоғамдық-саяси газет

Автобус жүргізушісі жарымжан жанды қағып, қашып кетті

0 116

2022 жылдың ақпан айында Павлодар облысына қарасты Жетекші кентінде «Анкай» маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Салдарынан екінші топтағы мүгедек ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бейнекамералардан жазбалар зерттелді. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады», – деді департамент өкілі.

Құрықталған ер адам жауапкершіліктен қорыққанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.