Шаһардың орталық көшелерінің бірінде жолаушы тасымалдап келе жатқан автобус жүргізушісінің денсаулығы кенеттен сыр берген, деп хабарлайды Экспресс К.
Алматы маңындағы «Водник» ықшамауданында күтпеген оқиға болды. Экспресс К редакциясының Newscorr азаматтық журналистика сервистік қызметіне жолданған видеодан, ес-түссіз жатқан жүргізушіні жедел жәрдемнің қызметкерлері сыртқа шығарып жатқанын көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша көлік апаты болмаған. Жүргізуші аялдамаға тоқтаған кезде денсаулығы сыр беріп, ес-түсін жоғалтқан.
Бұл оқиға жөнінде Экспресс К Алматы қалалық ПД сауал жэжодлдаған болатын. Полицияның ресми мәліметі бойынша жедел жәрдем қызметкерлері жүргізушіні ауруханаға жеткізіп үлгергенімен ол сол жерден, бірден жан тапсырған.