Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл тұрғындарына тиімді шартпен несие беріледі

0 408

2023 жылдан бастап ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несие ала алады деп хабарлады turkystan.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Сыйақының номиналды жылдық мөлшерлемесі – 2,5%, несие мерзімі 7 жылдан аспайды, кепілдік қойылуға тиіс. Несиенің ең жоғары сомасы – шамамен 7,9 млн теңге (2,5 мың АЕК),  ірі кооперацияны дамыту үшін – 25,4 млн теңге (8 мың АЕК)», – делінген хабарламада.

Кредитті беру операторларын жергілікті жерлердегі әкімдіктер мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды. Ал алғашқы микронесие 2023 жылғы бірінші тоқсанның соңында беріледі деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.