Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінген 3700-ден астам грант игерілмей қалған

0 344

2019-2021 жылдары ауыл шаруашылығы бағыттар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны 3 778 бірлікті құрады. Бұл жайында сенат депутаттарының сауалына премьер-министр Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығы бағытында мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысы жыл сайын бөлінеді. 2021 жылы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарына 2920 грант (2020 жылы – 2720 грант, 2019 жылы – 2482 грант) бөлінді.

«Бұл ретте, көрсетілген мамандықтар бойынша гранттар толық көлемде игерілмейді. Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары көрсетілген бағыттар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны 3778 бірлікті құрады. «Серпін» жобасы бойынша 2021 жылы бөлінген 5656 гранттың 2102-і (37%), 2020 жылы бөлінген 5107 гранттың 979-ы (19%) ғана игерілді. Сонымен қатар, өңірлер әкімдіктері, оқу орындарының қабылдау комиссиялары азаматтарды ЖОО мен ТжКБ ұйымдарында оқуға тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Оның үстіне, 2017 жылдан бастап заңнамалық тұрғыда жергілікті атқарушы органдар гранттар бөліп келеді», – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы жауабында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, оның ішінде ауылдан шыққан балаларды қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдар 2017-2021 жылдар аралығында 8 мыңнан астам грант бөлінгенін айтады. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама аясында ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ЖОО және ТжКБ ұйымдарында оқу үшін бекітілген мемлекеттік тапсырысының 30 пайызы мөлшерінде квота көзделген атап өтеді.

«2021 жылы ЖОО-да оқу үшін ауылдық квота бойынша (педагогикалық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар, медицина, инженерлік ғылымдар, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, бизнес және басқару, қызмет көрсету) 16 мыңнан астам грант бөлініп, игерілді. Сондай-ақ, ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Серпін» жобасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 10 пайыз квота қарастырылған», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.