Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аустралия «Спутник V» вакцинасын мойындады

0 458

   Аустралияның ішкі істер департаменті коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының екі дозасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

17 қаңтарда агенттік сайтында елге кіруге жарайтын вакциналар туралы ақпарат жаңарды. Жаңа ақпаратта Аустралияға кіруге рұқсат етілетін COVID-19-ға қарсы вакциналардың тізіміне ресейлік вакцина кірді.

«Егер сіз емдік тауарлар басқармасы (TGA) мақұлдаған немесе мойындаған вакцинамен вакцинация курсынан өткен болсаңыз, сіз Аустралияға бару үшін толық вакцинацияланған болып саналасыз. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы «Спутник V»», – делінген Ереженің жаңартылған нұсқасында.

Келген саяхатшы толық вакцинацияланған болып есептелуі үшін, соңғы екпеден кемінде жеті күн өтуі керек екені айтылған. Шетелден келген саяхатшылар толық вакцина алғаны туралы сертификат ұсынуы керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.