Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қауіп әлі сейілмеген: Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін тұрғындар басқа жаққа көшірілді

0 523

Жамбыл облысында жарылыс болған әскери бөлімге ең жақын орналасқан Қайнар ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өйткені қауіп әлі сейілмеген. Қайта-қайта жарылыстан әбден қорқып қалған жұрт елдімекенді мүлдем алысқа көшіруді талап етіп отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жексенбідегі жарылыстан кейін бүгін Қайнар ауылы мен әскери бөлімге керер жолдың барлығы жабылды. Себебі қауіптің беті қайтпаған, қайта жарылуы мүмкін дейді мамандар. Осы себепті алдыңғы жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіріп жатқан құрылысшылар мен ауыл тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олар Тараз қаласы мен жақын маңдағы туыстарының үйіне жіберілген.

46 күннен кейін қайталанған дүмпуден дүйім жұрт қатты қорқып қалған. Сондықтан елдімекенді әскери бөлімнен алысқа көшірсін дейді олар.

Ал ауылды көшіру мәселесін әкімдіктегілер әзір қарап жатқан  жоқпыз дейді.

“Халықпен сөйлесіп шықтық. Қазіргі таңда көшіру мәселесін көтеріп жатқан жоқпыз. Түсіндірдік барлығын. Сондықтан егерде қауіп болатын болса біз тиісті шешім қабылдаймыз”, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.

Алдындағы жарылыстан қираған176 нысан әлі толық  қалыпқа келтірілмеген. Құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

“Құрылысшылар да 105 адам олар да бүгін жұмысқа жіберілмей жалпы демалысқа жіберілді. Қауіпсіз аймақта. 19 үйдің бәрінің шатыры жабылды. 6 үйдің ішкі жылу жүйелері қайта қалпына келтірілді. Енді осы аптаның соңына дейін 5 үй баспанасына кіреді деген жоспарымыз бар”, – дейді Байзақ ауданы әкімінің оранбасары Қайрат Исмаил.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Бірақ екі күн қатарынан жауған жаңбырдың  әсері болуы мүмкін деген болжам бар.

“Жарылыс әскери бөлімнің ішіндегі жарылғыш заттарды жинайтын орында болды. Қолданыстағы қарулар емес жарылған, алдынғы жарылыстан жиналған снарядтардың қалдықтары. Себебі әзірге белгісіз. Қазір қауіп қайталанбас үшін «Скайларк» апараты, яғни дрон ұшырдық. Бұл  жарылыс кезінде әскерилер болған жоқ. Ауыл адамдары да аман”, – дейді Тараз гарнизоны баспасөз қызметі Дина Мухаринова.

Тұрғындарға қауіп-қатер төнбес үшін  жарылғыш заттарды сол жерде немесе елдімекендерден алшақ жерге апарып, көзін жою мәселесін штаб мүшелері қазір қарастырып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.