Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көпқабатты үйдің алаңына балалар ойын алаңы орнатылды

0 613

Жақында ғана Б.Момышұлы ауылындағы В.Латикант көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің ауласына асфальт төселіп, тұрғындар үлкен қуанышқа бөленген болатын. Себебі, жазда шаң-топырақтан, көктемде батпақтан көз ашпаған жұрт үшін бұл жағымды жаңалық болды. Ал, бүгінде көпқабатты үйлердің ауласынан балалар ойнайтын ойын алаңшасы салынып, аяқталуға жақын. Көп ұзамай тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілетін болады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі JambyInfo сайтына сілтеме жасап.

Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары Мақсұт Орымбаевтың айтуынша, жаңа балалар ойын алаңшасын «HANGAR-GROUP» жеке кәсіпкерлігі салуда. Оған қажетті қаражат та бөлінген. Одан бөлек, бұл үйлердің ауласын күл-қоқыстан тазарту және үйдің сыртын сырлау, әктеу жұмыстары қоса жүргізілуде. Мұнда «Жасыл Жуалы» КММ-сінен алты әртүрлі жұмыс жасаушы, үш техника және бес қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған.
Жақсы істің куәсі болған көпқабатты үйлердің тұрғындарының да қуанышында шек жоқ.
– Жақында аудан әкімі Олжас Қаржауов біз тұрып жатқан көпқабатты үйдің жай-күйімен танысып, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдаған болатын. Содан кейін үйдің маңынан асфальт төсеп берді. Талай жылдан бері шешімін таппаған бұл істің көзін жаңа сайланған аудан әкімі тапты. Қазіргі таңда әктеу-сырлау және тазалық жұмыстары қоса атқарылуда. Үйдің маңына шырай кіргізген балалар ойнайтын ойын алаңшасының салынғаны нұр үстіне нұр болды. Енді балалар ауладан алыстамай ойын ойнайтын болды. Тағы бір айта кетерлік жайт, үйдің жанындағы тозығы жеткен сарайлар және әжетханалар да сүріліп, жаңаланады деп күтілуде. Мұның өзі ауланың көркін кіргізіп, көздің жауын алатындай әдемі әрі таза болатынының белгісі, – дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Айсұлу Битемірова.
– Біздің үйдің балалары әлі кішкентай. Бұрындары балаларымызды ойнату үшін орталық саябаққа баратынбыз. Немесе осындай алаңша үшін қалаға баратын кезіміз де болған. Бұл тек бүлдіршіндердің ғана қуанышы емес, сонымен қатар ересектердің де қуанышы. Себебі, «Балаларымыз көшеге жүгіріп шығып кете ме, көлік қағып кетер ме екен?», деп ылғи уайымдап отыратын едік. Ал, қазір өзіміздің үйдің жанынан ойын алаңшасының салынғанына дән ризамыз. Сонымен қатар, осындай игі бастаманы қолға алып, жүзеге асырған аудан басшысы Олжас Қаржауовқа алғыс білдіреміз, – дейді Дана Рысбекқызы.
– Біз бұл үйде 2010 жылдан бері тұрамыз. Үйдің жанынан бүлдіршіндер ойнайтын ойын алаңшасының салынуы тұрғындардың көңілінен шықты. Көптен күткен қуанышқа да жеттік. Енді немерелерімізді ойнату үшін, ойнайтын жер іздеп сандалып кетпейтін болдық. Басшылық балалардың сауабын алды, – дейді Гүлмира Ақылб

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.