Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауданда не жаңалық?

0 440

Қарт Қаратау жаңа кейіпке енеді

Қаратау қаласында 2023 жылы 8 көшеге орташа жөндеу жұмысы жасалып, көше жарығы орнатылмақ. Сондай-ақ қаладағы 7 көпірді қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Бұдан бөлек «Орталық» саябақ, «Батырлар алаңы» және «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Тұрар Рысқұлов көшесі бойынан балалар ойын алаңшасын салу, қаланың шығыс (А.Иманов көшесі бойындағы) және батыс (Городок дүкенінің артындағы) бөлігіндегі футбол алаңшаларын жаңарту, Д.Нүрпейісова көшесіне аллея салу сынды жұмыс- тар да күн тәртібінде тұр.
Сонымен қатар қаланың шығыс бөлігінен (Тамды ауылынан) кіре берістегі ескі «Қаратау» стелласы да жаңартудан өтеді. Қала ішіндегі 4 арка да безен- діріліп, Б.Момышұлы көшесінің бойы суландырылады.
Тұрғын үй мәселесін шешу жолдары да қарастырылуда. Осылайша қарт Қаратау жаңаша кейіпке енгелі тұр.

Қоңыртөбеліктердің қуанышы

Жуалы ауданында алыс ауылдардағы ауылдардың тұрғындарына ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүйелі атқарылуда. Атап айтар болсақ, ауданға қарасты Жетітөбе ауылдық округінің Қоңыртөбе ауылына таза ауызсу құбырларын кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Бастау көзі тереңде жатқан таза артезиан ұңғымасынан алынатын мөлдір су құбыр арқылы 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жергілікті тұрғындарға пайдалануға берілмек.
Бүгінде атап көрсетілген жоспардың алғашқы жұмыстары орындалып, Қоңыртөбе ауылының Малдыбай Құттыбаев, Әбдәлім Құттыбаев, Бақытбек Баратұлы көшелеріне магистральды ауызсу құбырларын тарту, оның ішінде, көше бойларына тереңдігі 1 метр 70 сантиметр болатын терең траншея қазылып, пластик құбырлар тасталды. Ендігі кезекте құбыр тарту жұмыстары ауылдың ортаңғы бөлігіндегі Ғани Досаев көшесінде жалғасуда.

«Нұрлы жер» нұрын төгуде

Т.Рысқұлов ауданында тұрғын үй кезегінде 1 547 адам тұр. Оларды кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысы жүруде. Бірінші үйдің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, 2021 жылы пайдалануға берілді. Екінші үйдің құрылысы былтыр басталып, биыл аяқталады деп күтілуде.

Өлкенің өндірісі өркендеуде

Мойынқұм ауданы экономикасының негізгі қозғаушы саласы өнеркәсіп болса, жыл басынан бері 39,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр- ғанда 5,5 млрд теңгеге артты. Атап айтқанда, 805 келі алтын, 101 келі күміс, 580 мың тонна цемент, 3 мың тонна гранит, 26 мың тонна көмір, 300 тонна балық және 48 мың тонна барит рудасы өндірілген.
Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбеков- тің айтуынша, ағымдағы жылы ауданда 2 ірі жоба іске аспақ. Оның алғашқысы Мирный ауылындағы «Turan Industry» ЖШС-нің табиғи тастан қаптау плитасын өндіру жобасы болса, екіншісі Мыңарал ауылындағы «Satellite GS» ЖШС-нің құрамында алтыны бар кен өндіру жобасы.

Дайындаған Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.