Атырауда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды
14 сәуірде Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үй отқа оранды деп хабарлады turkystan.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Өрт туралы хабар кеше сағат 18:48-де түсті. Өрт «Авангард-3» шағын ауданындағы 5 қабатты үйде болған. Жалынның 15 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды. Өрттің салдарынан үй иесі – 73 жастағы қария мен оның 1949 жылғы әйелі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ер адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Әйел 2-дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өртенген пәтерден үй иесінің 46 жастағы ІІ топтағы мүгедек ұлының мәйіті табылды», – делінген департамент таратқан хабарламада.
Өрт сағат 19:27-де сөндірілген.