Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда оқушылар тура мектеп алдында темекі тартқан

0 171

Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тарады, деп хабарлайды Экспресс К

Видеода қаладағы №16 мектептің 6,7-сынып оқушыларының темекіні өзара кезектесіп тартып тұрғаны анық байқалады. Олардың арасында қыз балалар да бар.

Бейнежазбаға түсірген адам ата-аналар мен ұстаздардың бұл жағдайға алаңдамайтынын айтады. Әрі кез келген сауда үйінде электронды темекілер қолжетімді бағамен кез келген адамға сатылып жатыр.

 

Әлеуметтік желіде осы оқиғаға ұқсас тағы бір бейнежазба жария болды. Онда дүкенге келген 15 жастағы ұлын аңдып келген ата-ана оның электронды темекі алып жатқанына куә болды. Сырттай бақылап бейнежазбаға түсіріп тұрған ана ұлы темекіні ала бергенде сатушыға тап береді.

Неге балаға сатып тұрсыз? Сатып тұрғаныңызды көріп тұрмын. 15 жастағы жасөспірімге сатуға бола ма? Мен баламды бірнеше рет ұстап отырмын. Осы үшін мектепте барлық ата-анадан ұрыс естідім. Балаға сатқаныңыз үшін айыппұл төлейсіз. Қазір арыз жазамын, —дейді бейнежазбаға түсірген әйел.

Оқушыға электронды темекі сатқан сатушы оның анасына шағымданбас үшін ақша ұсынады. Алайда баласына алаңдаған ана заң органдарына жүгінетінін айтады.

Балалар арасында белең алған электронды темекі тартуға қатысты әзірге ресми пікір айтылмады.

Аталған оқиғаны назарда ұстап, алда аталған жағдайға қатысты жауапты тараптың пікірін жариялайтын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.