Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. Оқиға бүгін түнде болған. Атырау қаласындағы «Жұмыскер-Балықшы» көпірінің үстінде ер адамның суға секіргелі тұрғаны туралы 102 номеріне қоңырау түседі.
Кезекші радиоқабылдағыш арқылы сол маңда жүрген экипаждарға хабар берді. Оқиға орнына дереу Батыс-24 экипажының қызметкері, аға полиция лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов жетті. Олар азаматты сөзге тартып, көпірден кері шығарып алды.
Тексеру нәтижесінде әлгі жігіттің Атырау қаласының тұрғыны және оның мас екені анықталды.