Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда екі бірдей жолаушылар автобусы өртеніп кетті

0 122

Қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы ТЖД-нің мәліметінше, «Setra» маркалы автобусы жанып кеткені туралы хабарлама бүгін сағат 17:30 шамасында келіп түсті. Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Өрт сағат 6 шамасында түгелдей сөндірілді.

Екінші қоғамдық көлік Вокзал маңы шағын ауданындағы М.Баймұханов көшесінде отқа оранған. «ПАЗ» маркалы автобусындағы өрт сөндіру үшін 10 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 6 жарым шамасында ауыздықталды.
© Атырау облыстық ТЖД

Атырау облыстық ТЖД тұрғындарды автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.