Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

0 357

Атырауда 10 ақпанда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл фактіні растады. Ведомство шенеуніктің ұсталуы – облыстық денсаулық сақтау саласындағы жұмысына байланысты емес екенін атап өтті.

30 жастағы Нұрқуат Нудин өткен жылдың сәуір айында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған. Ол қаржы мәселелеріне жетекшілік етті.

Экономикалық тергеу департаменті шенеуніктің ұсталуы жайында әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты. Бірақ Нудиннің 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Ал оған Қылмыстық кодекстің 189 бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ұрлау») бойынша айып тағылып отыр.

Басылымның мәліметінше, ол пайдалануға берілмеген әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған деп айыпталып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.