Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырау облысында мектеп оқушылары балабақшаға жасырын кіріп, қиратып кеткен

0 356

Атырау облысында мектеп оқушылары балабақшаға жасырын кіріп, астан-кестеңін шығарған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жариялады.

«Бүгін Құлсары қаласындағы (Атырау облысы) «Қызғалдақ» бала бақшасына 6-7 сынып оқушылары кіріп, әп сәтте ғимарат ішіндегі бүкіл затты қиратып шыққан.

Есіктер сынып, терезе шағылған. Кішкентай бөбектердің ойын бөлмесі, асханасы, тіпті киім ілетін шкафтары да қираған. Өші қалғандай сәбилердің мамық ойыншықтарын жыртып, қуыршақтарын қақ бөлген.

Күзетші бұзақылардың екеуін ұстап үлгеріпті. Бәрі де сол бақша маңайында тұратын жергілікті балалар», – деді Гүлмира Әбіқай.

Атырау облысының полицейлері жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Балабақша ішінде жасалған құқық бұзушылық дерегі бойынша 9 оқушының ата-анасы Жылыой ауданы Құлсары қаласына шақырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жинақталған құжаттар сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.