Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырау облысында мектеп асханасындағы астықтан құрт шықты

0 1  212

Атырау облысындағы мектептердің бірінде құрттап кеткен ұннан нан пісірген деп хабарлады turkystan.kz «AstanaTV» арнасына сілтеме жасап.

Исатай ауданындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектептің ата-аналары оны өз көзімізбен көрдік деп дабыл қақты.

Оны мектеп аспазы да мойындайды. Видеода ұнның жарамдылық мерзімі 2017 жылы өтіп кеткені анық жазылған. Есімін атамауды сұраған ата-ана төрт баласы осы мектепте оқып, асханадан тамақтанатынын айтты. Өзі де білім ордасында қызмет етеді екен. Айтуынша, оқиға болған күні медбике келіп, асханадағы астықтан құрт шығуына байланысты акт жасауға ата-ана ретінде куә болуға шақырған.

«Бастауыш сынып мұғалімдеріне бардым. Бірге асханаға барып, мөшектегі ұнды қарадық. Бірінші илегенде шықпады. Кейін тағы илегенде шықты, видеоға түсіріп алдым. Суреттері де бар» – деді ата-ана.

Алайда мектеп басшылығы өздері тексеріс жүргізген кезде ешқандай құрт шықпағанын айтып, азар да безер болды. Ата-аналар болса, мерзімі өтіп кеткен астықтан тамақтанған балалар ауырып қала ма деп алаңдайды. Өйткені эпидемиолог мамандар арыз түспегендіктен, жеке кәсіпкер иелігіндегі асханаға аяқ баса алмаймыз деп отыр.

«Аталған видеоға сәйкес тұрғындар тарапынан шағым келіп түскен жоқ. Осы орайда ҚР президентінің Жарлығына сәйкес мараториий енгізілуіне байланысты бұл кәсіпкерлік обьекті ерекше тәртіппен тексеруден босатылып отыр», – деді Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.