Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырау облысында қаптаған шаяндар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

0 411

Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны сары шаяндарды видеоға түсіріп алған. Улы жәндіктердің көбеюі тұрғындардың үрейін тудырды деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап

Бірақ эколог Галина Черноваяның сөзінше, шаяндардың белсенділігіне таңқалудың керегі жоқ. Өткен жылы мұндай құбылыс Жұмыскер мен Нұрсай ауылдарында да байқалған екен. Сондай-ақ Африкада тіршілік ететін қара шаянның уы аса қауіпті. Ал Атырауда тек сары шаянды кездестіруге болады, ол қауіпті емес.

«Сары шаяндардың уын арамен салыстыруға болады. Ауырады, шаққан орны ыстық инені сұғып алғандай әсер қалдырады. Бірнеше сағаттан соң ауырғаны басылады, улану белгілері жоқ. Шаянның шағуы тек нәрестелер үшін қауіпті болады», – деп ескертті маман.

Әдетте шаяндар аяқ киімнің ішіне кіріп кетеді екен. Сондықтан маман аяқ киімді кимес бұрын мұқият болуға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.