Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқарылған жұмыс тындырымды, халық та риза

0 419

   Т.Рысқұлов ауданы өткен жылды табысты аяқтады. Оған аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың аудан тұрғындарыныңалдында берген қорытынды есебі барысында айтты. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы қатысқан жиында аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлыжыл ішінде атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға жан-жақты тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерге тоқталып, ел экономикасының дамуына құландықтардың да өз үлестерін қосып отырғанын тілге тиек етті.

Аудан басшысының айтуынша, былтыр аудан бюджеті 100 пайыз игерілген. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, кәсіпкерлік саласының көрсеткіштері жылдағыдан жоғары. Сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларында да айтарлықтай оң өзгерістер бар.

Мысалы, Т.Рысқұлов ауданында 2020-2021 жылдары 4 каналды механикалық тазарту жұмыстары  жүргізілуінен суармалы жердің ұлғайған.

2021 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген және мерзімі өткен 52 жер телімінің жалпы ауданы 10795,78 га жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы ауданы 115,6 га егістік жер телімі қайта айналымға қосылды.

Аудандағы 42 елді мекеннің (64512 адам) 30 елді мекенінде (58529 адам немесе 90,7%) ауыз су жүйесі бар. Бүгінгі таңда оның 34-не толық газ тартылған. 2021 жылы 10 ауылға газ тарту жұмыстарына қаржы қарастырылып, толығымен ауылдар газдандырылды.Ағымдағы жылы Шолақ-Қайыңды ауылына көгілдір отын жеткізу жоспарланып отыр.

Т.Рысқұлов ауданының жалпы 42 елді мекендер бойынша 337,4 шақырым  көше жолдары бар. 2020 жылы 91 жобаға 684,6 млн. теңге бөлініп жұмыстар атқарылып 88,2% жақсы және қанағаттарлы жағдайға жеткен, яғни 297,5 шақырым жөнделген. 2021 жылы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы және аудандық бюджет аясында 93,0% көрсеткішке жеткізілді, яғни осы жылы 19,45 шақырым 18 көше жолдары жөнделді. Ал аудандағы 352 көшенің  291 көшесі немесе 80,2% жарықтандырылған.

Сонымен қатар, 2021 жылы «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында 3 мәдени  нысан күрделі жөндеуден өтсе, Луговой ауылына дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені салынды.

Есепті кездесуде Нұржан Молдиярұлы облыс көлемінде әр салада атқарлыған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстардың барысын айтып өтті.

Өз сөзінде аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы жүргізілген жұмыстардың барлығы да алға қойған тапсырмаларды шешуге және әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталғандығын айтты.

Өткен жылға әр салада атқарылған жұмыстардың қорытындыларын тыңдаған аудан халқы оң деген баға беруде.

Әр салада жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың есебінен кейін ауыл тұрғындары сұрақтар қойып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерболат Салқынбекұлы қойылған сұрақтардың бәрі алдағы уақытта шешімін табатынын, айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын және жеке бақылауында болатынын жеткізді.

​​

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.