Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқарушы хатшының орынбасары тағайындалды

0 246
    «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Ораловтың 2022 жылғы 22 сәуірдегі №134JQ бұйрығына сәйкес ауыстыру тәртібімен партия Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары қызметіне Жұмабек Ермұхамед Нұрмаханбетұлы тағайындалды.
Ермұхамед Нұрмаханбетұлы 1979 жылы дүниеге келген.М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.
2008 жылдан бастап партияның Жамбыл облыстық филиалында «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы, жастар саясаты бойынша консультанты, қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін партияның Орталық аппараты ұйымдастыру және аумақтық жұмыс Департаментінің инспекторы, директордың орынбасары қызметтерін атқарып келді.
Бұған дейін атқарушы хатшының орынбасары қызметін атқарған Мәтен Мәди Мейірбекұлы мемлекеттік қызметке ауысты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.