Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

0 971

«AMANAT» партиясы XXIV Съезінің қорытындысын талқылау бойынша отырыс өтті. «AMANAT» және«Ақ жол» партиясының өкілдері мен бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну туралы ойлар бір арнада тоғысты.

Жиынды ашып жүргізіп отырған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасарыЕрмұхамед Жұмабек партияның XXIV Съезінде көтерілген мәселелер бойынша баяндады. Сондай-ақ, ол партия Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынғанын жеткізді.

– Елорда төрінде ұйымдастырылған съезд жұмысы аяқталған соң Халықтық Коалицияның жалпыұлттық форумы ұйымдастырылып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынғаны белгілі. Ол форумда Мемлекет басшысы бұған дейін ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болғанын, Халықтық Коалицияның Президенттік сайлауға ұсынысын зор мәртебемен қабылдағанын айтып, елімізде атқарылған шаруаларға, саяси өзгерістерге тоқталды және ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атап өтті, – деді Е.Жұмабек.

Басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қазіргідей алмағайып заманда Коалицияның құрылып, Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғаны тиімді шешім болғанын жеткізді. Сондай-ақ, «Ақ жол» Демократиялық партиясы  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұханбеталы Шалқарбеков алдағы саяси наурқанда бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Сол секілді «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мүбарак ЖинақбаеваКоалицияның жалпыұлттық форумында ұсынған Мемлекет басшысының 7 қағидасына кеңінен тоқталды.

Бұдан өзгеХалықаралық Тараз инновациялық институтының бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор АсқарАбдуалы партияның Саяси тұғырнамасын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша өзінің ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар «Қазақстанның спортшылар кеңесі» ҚБ төрағасы Трубин Виталий, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.