Қалалық қоғамдық-саяси газет

Астанадан баспана алу үшін бастапқы жарна азайды – әкім «Елорда жастарының» шартын түсіндірді

Нұр-Сұлтанда жастарға баспана алуға мүмкіндік беретін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске асатын болды.

0 463

Elorda Zhastary тұрғын үй бағдарламасын Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Отбасы банкі бірлесіп, жүзеге асырады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Баспана алу үшін өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады. Бағдарлама порталы арқылы құжат тапсыруға болады. Бағдарлама бойынша қарыз алушыларға несие беру үшін 3,6 млрд теңге бөлінеді.

№1. Негізгі шарттары қандай?

Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
Бастапқы жарна – 10%;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Несиені қайтару мерзімі – 25 жылға дейін.
№2. Кімдер қатыса алады?

мұғалімдер;
дәрігерлер;
журналистер;
мәдениет саласының қызметкерлері;
спортшылар;
әлеуметтік қызметкерлер;
коммуналдық сала қызметкерлері;
полиция департаменті қызметкерлері;
ТЖҚ қызметкерлері;
жетім балалар.
№3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қатысушының жасы 35-тен (қоса алғанда) аспауы тиіс.
Қатысушы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 1 жыл ішінде Нұр-Сұлтанда үздіксіз тұрақты тіркеуі болуы қажет.
Үміткердің Отбасы банкінде сатып алатын баспана құнының 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасы бар депозиті болуы тиіс (салымның бар екені туралы анықтама немесе шот бойынша үзінді көшірме).
Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі немесе меншік құқығында тұрғын үйі болмауы қажет.
Қатысушының соңғы бір жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында таңдалған саласында ресми жұмыс тәжірибесі болуы тиіс (ол зейнетақы шотының үзінді көшірмесімен расталады).
Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс 6 ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 209 826 теңгеден аспауы тиіс (зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда).
Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Үміткерлер пулы балдық жүйе бойынша қалыптасады. Ол еңбек өтілін және өтініш берушінің (ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе олардың балаларының) 1,2,3 мүгедектік тобына жататын-жатпайтынын ескереді.

«Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады. Қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында (zhilfond.kz) алуға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.