Қалалық қоғамдық-саяси газет

Астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық төмендетілді

0 119

Полиция департаментінің мәліметінше, астанада үш көшеде ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілді. Себебі, жол апаты жиілеген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтандағы әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Р. Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралықта жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді.

«Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолы бойындағы Күйгенжар тұрғын алабынан қала шекарасына дейін, Тұран даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолынан Ұлы дала даңғылына дейін 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін ең жоғары жылдамдық төмендетілді.

«Сергек» камералары көліктің жылдамдықты асыруын тіркеу ертең, яғни 28 желтоқсаннан басталады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.