Қалалық қоғамдық-саяси газет

Астанада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылды

0 370

Елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген. Мерекенің басты атрибутын безендіруде 750 метр гирлянд, 360 бірлік жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Шыршаны жағу рәсімі басталар алдында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Ғажайыптар түні» ертегі мұз шоуы көрсетілді. Еліміздің басты шыршасын бүлдіршіндер, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, Аяз Ата мен Ақшақар бірлесе жағып, сахнада қазақстандық әртістер және т.б. өнер көрсетті.

Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады. Астанамыз дамып, өркендей берсін!,

-деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.