Астананың Полиция департаменті 44 жастағы әйелден ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық Полиция департаментінің деректеріне қарағанда, күдікті Сүгір Әлиұлы көшесінде ұсталған. Сол жерде тәртіп сақшылары оның үйіне тінту жүргізіп, 4 келіге жуық гашиш пен басқа да айғақ заттар тапқан.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Егер күдікті кінәсін мойындаса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.