Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаскелең шатқалында 11 жастағы бала өзенге құлап кетті

0 268

Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған бала өзенге ағып кеткен. Ол бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әли Балғазиев есімді бала абайсызда Қаскелең өзеніне батып кеткен. Оқиға 18 тамызда күндіз Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болған.

Әли отбасымен өзен маңына демалысқа шыққан. Бала өзен жағасына суретке түскісі келіп барған. Бірақ кенеттен аяғы тайып, өзенге құлап кеткен.

«Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Қаскелең қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Алматы қаласы РОСО жеке құрамы дереу шақырту орнына жөнелтілді. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, туыстары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бар. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі соңғы таратқан хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.