Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаскелеңде үш баласы бар жүкті әйел терезеден секірмек болған

0 308

Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасындағы дәрігерлер терезеден секірмек болған жүкті әйелді құтқарып қалған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда тоғызыншы қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен әйелдің оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді. Бірнеше күн бұрын дәл осы үйдің көрші подъезінде тағы бір әйел өзіне қол жұмсап, терезеден секіріп кеткен. Расталған ақпаратқа сүйенсек, оның психикалық ауытқушылығы болған әрі өзіне бірнеше рет қол жұмсағысы келген. Көршілердің айтуынша, келіншектің жасы отызға таяп қалған, басындағы несиесін төлей алмай жүрген.

Ал осы кезде Қарасай ауданы Қаскелең перзентханасында жатқан әйел үшінші қабаттың терезесінен секірмекші болған. Дәрігерлер дер кезінде үлгеріп, әйелді аман алып қалды. Мұндай шарасыздыққа не себеп болғанын қазір дқұқық қорғау органдары тексеріп жатыр.

Қалалық клиникалық аурухананың терапевті жас әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауының себебі күйеуімен немесе туыстарымен күнделікті тұрмыстық кикілжіңдермен байланысты болуы мүмкін дейді.

«Бұл әйелдің үш баласы болды. Балалар арасындағы жас айырмашылық өте жақын. Ал өзі небәрі 28 жаста. Білесіз бе, тіпті біздің медбикелердің өзі босана сала, жұмысқа шығып кетеді. «Неге?» деп сұрасам, олар «Біз жұмыс істеуіміз керек» дейді. Ал туыстары қуып жіберетін кездер де болған. Ақша керек. Осыған қарамастан олар жиі босанады. Неге десеңіз, оған жәремдақы алады. Біріне тоңазытқыш алса, екіншісіне шаңсорғыш. Азап шегіп жатқан психиканы, босанудан кейінгі ағзаны қалпына келтіру керек екендігі ойламайды. Бұл әйел де ұзақ уақыт депрессияға ұшырап, болмашы ұрыс әсер етіп отыр», – дейді дәрігер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.