Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаскелеңде иттерді сою орнын ұйымдастырған: Полиция тексеру жүргізетін болды (видео)

0 186

Полицейлер бұған дейін Қаскелеңде анықталған иттерді сою орнын тексеретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында белгісіз біреулердің иттерге арналған сою орнын ұйымдастырғаны туралы видео тараған еді. Қараусыз ғимаратқа келген еріктілер ол жерден пышақтарды, балталарды, өліктерге арналған ілмектерді, сондай-ақ иттердің қалдықтарын тапты.

«Аталған фактіні Алматы облысы Қарасай ауданы Полиция басқармасы назарға алып, ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.