Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аштан өлуіміз қажет пе?»: Алматыда вакцинаға медициналық қарсылығы бар азаматшаны базарға кіргізбей қойған

0 493

Алматы тұрғыны Елена Окрут коронавирусқа қарсы вакцинаға медициналық қарсы көрсеткіштері бар қызын базарға кіргізбегенін айтып шағымданды.

 

Ол қызының Ashyq қосымшасында бейтарап мәртебеге ие екендігін, сонымен қатар вакцинацияға медициналық қарсылығы бар туралы анықтаманы көрсеткеніне қарамастан базарға кіргізбей қойғанын атап өтті.

«Оған екпе жасауға болмайды және вакцинацияның өзіне қарсы көрсеткіштері бар екенін растау үшін қызым көптеген дәрігерлерден алдына барып тексерулерден өтті. Бірақ бүгін оны Тастақ базарына кіргізбей қойды. Бұны қалай түсінуге болады? Жоғарыда отырғандар сендер халықты ойлайсыңдар ма өзі? Енді кімде екпеге қарсы көрсеткіші болса, сол адам аштан өлуі қажет пе? Менде де медициналық қарсы көрсеткіш бар, менде онкологиялық рецедив. Енді қанша уақыт өмір сүрерімді білмеймін және бізді базарға азық-түлік алуға кіргізбейді. Онда біз секілді мүмкіншілігі жоқ жандардың жағдайын жасаңыздар» ,- деп алматылық әйел Facebook-те жазба қалдырған.

Алматыда демалыс күндері Ashyq жобасына енгізілген нысандарға кіру «жасыл» мәртебесі бар немесе соңғы жеті күнде жасалған ПЦР тестін жасаған адамдарға қолжетімді. Ал егер медициналық қарсы көрсеткіш туралы анықтама болатын болса оны өзімен бірге ала жүру қажет.

Қазіргі таңда Алматыда медициналық қарсы көрсеткіші бар жандар саны 48 мыңға жуықтайды.

stan.kz
 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.