Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асхат Аймағамбетов мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешуге кірісті

0 205

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселесін алдағы 3 жылда шешетінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К

Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі. Ол апаттық және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешеді. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандарты мен қазіргі заманғы технология қолданылады, — деді министр.

Ол келесі жылы Алматы әкімдігімен бірлесіп жаңа 20 мектеп салу жоспарланып отырғанын айтты. 2024 жылы Алматыда 80 мың оқушы орыны болады. Астанаға қатысты да осындай жоспар бар.

Сонымен қатар Аймағамбетов алдағы жылдың басынан мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетінін еске салып өтті.

 

2023 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады. Біз одан бөлек, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға баса мән береміз, — деді Асхат Аймағамбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.